Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолтырауынмен бірге серуендеген ер адам қамауға алынды (видео)

Ресейдің Новороссийск аймағында қолтырауынмен серуендеп жүрген ер адам тұтқынға алынды.

_96793346_gettyimages-483835990

Бұл туралы Краснодар ауданы прокурорының көмекшісі Антон Лопатинге сілтеме жасап RT басылымы хабарлады.

Бұған дейін желіде Анапа теңізіне қолтырауынды шомылдырып жатқан ер адамның видеосы пайда болған еді.

«Бұл дәл сол қолтырауын екені анық емес. Жануар Анападағы зообаққа тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстары жүргізілуде», – дейді Лопатин.

Қамауға алынған азамат жануарды 2012 жылы сатып алғанын және сол уақыттан бері ешқандай фотосурет қызметін көрсетпегенін айтты. Ол қолтырауынды пәтерде аквариумда сақтағанын атап өтті. Алайда азаматта қолтырауынға қатысты ешқандай құжат табылмады.

Жіберіп алмаңыз:

Алғашқы ұшақтар қандай болды: ішімдік, бортта темекі шегу және жатын бөлмелер (фото)

Ұшу кезінде жолаушыларға не себепті терезе пердесін жабу міндеттеледі?

Британдық жиһанкез Жер шарын 80 күнде аралап шықпақшы

Қыз ба, ұл ма? Әлемдегі ең алғашқы жынысы анықталмаған сәби тіркеуге алынды

Талқылау