Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолтырауын өзін тамақтандырып жатқан әйелді жеп қойды

Қолтырауын 44 жастағы әйел биологқа шабуылдады. Әйел оны тамақтандырмақ болған.

Қолтырауын өзін тамақтандырып жатқан әйелді жеп қойды

Қолтырауын өзге жануарларға қарағанды қатігездігімен танылған, бірақ адамдарға шабуылдамаған еді. Оның үстіне қолтырауынды етпен, тауықпен, балықпен тамақтандырып отырған.

Оқиға Индонезияның Томохон қаласында зерттеу лабороториясында болды. Ол жерде рептилиялар сақталған. Қолтырауын әйелді дереу арада жұта салды. Дэйзи Туво байссейнге барып, жыртқышты тамақтандырып жатқанда қолтырауын өзіне шабуылдайды. Денесінің қалдықтары қолтырауынның ішінен табылды. Әріптестері дереу құтқарушыларды шақыраы. Олар әйелдің денесін қолтырауынның ішінен әрең суырып алады.

Полицейлер қолтырауынның артқы аяғымен тұрып, секіріп келіп әйелге төнгенін айтады. Қолтырауын ветеринарлық емханаға жіберілді. Оның іш-құрылысын тексереді.

Марқұм әйел лабороторияның жетекші маманы еді. Әріптесері оның жануарларды жақсы көргенін, салмақты жан болғанын айтты. Жасы 44-те еді.


Оқи отырыңыз: Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Талқылау