Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолтық түгінен қалай арылатынын көрсеткен Жолдыбаева сын астында қалды

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қолтық асты түгінен қалай арылатынын көрсетемін деп сын астында қалды. Көпшілік оның бұл әрекетін мәдениетсіздікке балады.

13551657_983165478467050_1992176079_n

Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva/?hl=ru

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Кәмшат Жолдыбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына қолтық асты жүнінен қалай арылатынын көрсеткен суретті жүктеген-ді. Артынша суреттің тұсына денедегі түктерден арылудың тиімді жолдары туралы пайдалы кеңестер жазған.

Әншінің бұл әрекетін желі қолданушылары түрліше пайымдады. Бірі “Пайдалы ақпарат екен. Рахмет”, Сіздер біліп жүрсін, қаласа жасатсын деген ниетпен салынған сурет қой бұл. Алла сақтасын бірден жамандауға дайын тұрасыздар” десе, екіншілері жағымсыз пікірлер білдірген.

“Өзім осы әншіні ұнатпаушы едім. Енді мына фотосы тым мәдениетсіздеу екен. Түк көрмегендік қой мына қылығы”, “Бір күні басқа жерлерін көрсетпесе болар еді. Масқара! Ештеңеден ұялмайтын болған”, “Кәмшат, бұл ақпаратпен бөлісудің қажеті жоқ еді. Мәдениеттілікке жатпайды”, “Тәбетім бұзылып кетті ғой” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаева мелодрамалық телехикаяға түсіп жатыр (фото, видео)

Кәмшат Жолдыбаева: Қиындықтарымды шешіп беретін “көкем” бар

Кәмшат Жолдыбаева ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары белгілі болды

Кәмшәт Жолдыбаева ашық киімі үшін өзін сынаған көрерменіне кеңес берді

Талқылау