Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колледж түлектерінің былапыт сөзді қарша боратқан атышулы видеосы жұртты шошытты

Атыраудағы колледж түлектерінің былапыт сөздер арқылы оқу орынына тіл тигізген видеосы елді шулатты.

6666

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Оқу орынына қарай бағытталған атышулы видео тек атыраулықтарды ғана емес, бүкіл қазақстандықтарды әп-сәтте шошытып тастады. Видеодағы ұл-қыздар оқу орындарымен ерекше түрде қоштасқысы келген колледж түлектері екен. 10-ға жуық қыздар мен жігіттер камераға ұятты әрекеттер көрсетіп, дарқылдап күліп, бейәдеп сөздерді айтудан да еш қымсынбаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары түгелге дерлік жастардың бұл әрекетін аяусыз сынға алып жатыр. Мұны жәй ғана “мақтангершілік” деп оларды ақтауға тырысқандар да бар.

“Масқара! Тәрбие қайда, мәдениет қайда? Ата-аналар, бірінші кезекте біз кінәліміз! Бұлар біздің болашағымыз емес пе”, – деп жазады желі қолданушыларының бірі.

“Бұларды жазғыра бермейік. Олардыкі әшейін жас кезде болатын құр даурықпа, мақтангершілік ғой. Сіздерде тура осындай жастарыңызда небір ақымақтықты істеген боларсыздар. Ал былай, әрине ұятына ұят”, – деп жазады тағы бірі.

Аталмыш видео жарияланғаннан кейін бірер күн өткен соң, әлгі видеодағы қыз-жігіттер колледж ұстаздарынан, ата-аналардан және барлық қазақстандықтардан кешірім сұраған бейнежазбаны жария етті.

“Бұл видео балалық ақымақтықпен түсірілген. Біз колледжді кемсіткіміз келген жоқ, осы видеоны көрген адамдардан кешірім сұраймыз. Біздің қателігімізге ата-аналарымызды кінәламауды сұраймыз және біздің қателікті қайталамаңыздар”, – дейді олардың бірі.

Жастар саясаты басқармасының бұрынғы жетекшісі Жасұлан Бисембаевтың айтуынша, балалармен бірнеше жастар көшбасшылары кездесіп, кеңес жүргізген.

“Балалар өте қатты өкініп отыр. Олар бұл видеоны абайсызда түсіріп, оны белгісіз адамдар әлеуметтік желіге таратып жіберген. Шын мәнінде олар жаман балалар емес. Тіпті олардың бірі өте белсенді, қала өміріне қатысты шаралардан тыс қалмайтын студент”, – дейді Жасұлан Бисембаев.

 

Талқылау