Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлікте қамалып қалған аю қорыққаннан сигнал жүйесін баса берген

АҚШ-тағы Коннектикут штатының полиция қызметкерлері тұрғындардың көлікке біреудің кіріп алғаны туралы шақыртуына келгенде, автокөліктен шыға алмай тұрған аюды көрген.

Көлікте қамалып қалған аю қорыққаннан сигнал жүйесін баса берген

Бұл туралы UPI хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сол күні көлік иесі Линда Морад достарының үйінде тұрған Subaru Outback маркалы көлігінің шамдары жанғанын көріп қалып, құтқарушыларды шақырады. Сондай-ақ, автокөліктен дыбыстық сигнал шыққан екен.

«Мен мұнда жалғыз өзім ғана, ал біреу менің көлігіме кіріп алыпты. Көліктің шамы жанып, дыбыстық сигнал ойнап тұр және оның ішінде біреудің отынғанын көрдім»,- деді ол диспетчерге.

Көп ұзамай тиісті мекен-жайға келген полиция қызметкелері, біреудің көлігін бұзып кірген ұрының қара аю екенін көрген.

«Біздің ойымызша, ол есікті қолымен ашқан. Сондай-ақ, көліктің жағдайына қарап, аюдың қатты қорқыққанын көруге болады»,- деген болжам келтірді полиция капитаны Лоуренс Терра.

Олар көліктің есігін ашқаннан кейін, аю тез арада қашып үлгерген екен.

Американың Коннектикут штатының Энергетика және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің өкілі Крис Коллиби аңдар көбінесе тағамдардың иісін сезіп, көліктің есігін бұзып кіріп алады дейді. Алайда, Морад көлікте бананнан басқа тамақтың болмағанын айтуда.

Талқылау