Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлікте босанып, нәрестесі тас жолда қайтыс болған оқушының ісінде өзгерістер пайда болды

Жамбылда кәмелетке толмаған қыздың көлікте босанып, жаңа туылған нәрестені жол жиегіне лақтырып кеткені туралы оқиға естеріңізде шығар. Осыған қатысты қылмыстық істің кейбірі тоқтатылды. Оның ішінде 10-шы сынып оқушысын жүкті қылған жігітке қатысты тергеу де қысқартылмақ.

қыз

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оған «Кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» дерегімен айып тағылған еді. Істің тоқтатылуына екі тараптың татуласуы негіз болған. Яғни, аяғы ауыр болып қалған қыздың ата-анасы жігітке қандай да кінә артпайтынын айтып арыз түсірген.
«Қылмыстық іс екі жақтың татуласуына байланысты яғни күдіктінің жасаған әрекеті орта дәрежедегі қылмыс санатына жататындықтан қылмыстық кодекстің 35 бабы бірінші бөлігі, 12-тармағына сай өндірістен тоқтатылған»,-деді Жамбыл облыстық прокуратурасының екінші басқарма прокуроры Болат Мұстафаев.

Ал, қызының жаңа туған нәрестесін көліктің терезесінен лақтырып жіберген 53 жастағы өгей шешесінің ақыл-есін тексеру Алматыда жүріп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, 15-20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бұған дейін қайғылы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау