Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік жүргізушісіне күш көрсеткен Көкшетау полицейлері тәртіптік жазаға тартылатын болды

Көлік жүргізушісіне күш көрсеткен Көкшетау полицейлері тәртіптік жазаға тартылатын болды. Алайда қоғамда қызу талқыланған бейнежазбаның кейіпкерлеріне айналған тәртіп сақшылары жүргізуші айтқанымызға көнбеді дейді.

4f86a01614f17d8826a330cd1dd

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Аталған роликке қатысты баспасөз хатшысының айтуынша, тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттары дұрыс болмағандықтан және тәртіпке бағынбағандықтан көлікке отырғызбақшы болған. Алайда кейін адами факторлардың әсер етуінен жүргізушіге қатысты айыппұл парақшасын толтырмай, жібере салған. Осы себепті қазір үш бірдей жол полициясына қатысты шара қолданылмақшы. Егер араларында бұрын қатаң сөгіс  алғандары болса жұмыстан шығарылулары да мүмкін.

«Қазіргі кезде кейбір жүргізушілер қасақана арандатушылыққа барып жатады. Мұндай жағдайда оларға сотқа жүгінуіге болушы еді. Алайда олар әлеуметтік желілерге таратып жібереді. Азаматтық заңға сәйкес бұлай істеуге болмайды. Десе де, күш көрсеткен тұрғындардың аталған жүргізушіге қатысты қағаз жүзінде рәсімделген дәлелі болмағандықтан жол сақшыларына  қатаң тәртіптік жаза қолданылады», – дейді Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

 

Талқылау