Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайғылы тікелей эфир: Татар қызы өз өлімін видеоға түсірді

Татарстанда 23 наурыз күні Раиф-Кульбаш тас жолы бойында адам өліміне соқтырған жол апаты болды.

wx10803

Бұл туралы mamadysh-rt.ru хабарлайды.

Қайғылы оқиға болған сәт әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп келе жатқан қыздың телефонына түсіп қалған.

Кадрда өлерінің алдында қыз ұялы телефонының камерасын қосып, әлеуметтік желілердің бірінен тікелей эфир жүргізе бастайды.

“Сәлем! Кім не істеп жатыр, қайда бара жатырсыңдар?”, – деп сауал тастаған.

Өзін көңілді ұстаған қыз біресе камераға, біресе жолға қарап келе жатады. Кенет, көліктер соқтығысып, картина жоғалып кетеді.

Daewoo Matiz автокөлігін басқарып, әрі өзін камераға түсіріп келе жатқан Қазан тұрғыны жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Қыз оқиға орынында қайтыс болды. Автобустың бес жолаушысы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

Алматыда мас көлік жуушы қызметкер біреудің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті

ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкері Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапты

Ақтауда қоғамдық дәретхана опырылып балалар астында қала жаздады (видео)

Талқылау