Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік кептелісінде ұзақ тұрып қалған ер адам өлімнен аман қалды

Индонезияда Lion Air әуе компаниясынан ұшақ билетін сатып алған жолаушы көлік кептелісінде тұрып қалып, нәтижесінде өлімнен аман қалды. Ол отырмақ болған ұшақ 29 қазанда апатқа ұшыраған еді.

Көлік кептелісінде ұзақ тұрып қалған ер адам өлімнен аман қалды

Бұл туралы «Фокус» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, ұшаққа кешіккен жолаушы Индонезияның Қаржы министрлігінің қызметкері Сони Сетьяван екен. Ол ұшаққа кешігіп қалғандықтан, келесі рейске билет сатып алған. Сетьяван ұшақпен межелі жерге жетіп, жерге қонғаннан кейін ғана апат туралы біліпті.

«Достарыммен тек JT-610 рейсімен ұшамыз. Бұл жолы ақылы жолдағы трафик неліктен осынша нашар болғанын білмеймін. Әдетте мен Джакартаға түнгі сағат 3-те келетін едім. Алайда сол күні таңертең әуежайға сағат 06:20-да келіп, ұшаққа кешіктім. Апат туралы естіген бойда жылап жібердім. Бортта достарым болған еді», – дейді Сетьяван.

Еске сала кетсек, бұған дейін Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы әуеде жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Boeing 737 ұшағы құлаған жерден видео жария болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау