Көлігіңізге зақым келген жағдайда өтемақыны қалай өндіруге болады?

Қазақстанда көлікке ағаш құлап зақым келтірген оқиғалар көп. Мұндай жағдайда кінәлі адамды табу қиын.

Алматы тұрғыны Сергей Брусенцовтың көлігін ағаш басып қалып, өзі әрең аман қалды. Егер көлік рөлі сол жағында болғанда, өзінің аман қалуы екіталай еді. Көлікті қалпына келтіру мүмкін емес. Өтемақы да төленбеген. Сергей ол көлігімен 14 жыл қатынады. Енді тек металл күйінде, деп хабарлайды 31 арна. 

«Ағаш басып қалғандықтан көліктен шыға алмай қалдым. Он шақты адам келіп көмектескен соң әрең шықтым», – дейді ол.

Оқиға Алматыда Төлеби көшесінде болды. Ағаш жол жүретін жерге дейін бірнеше метрге өсіп кеткен. Қазір бәрін тазалағанымен оқиға болған күні түсірілген суреттерде құлаған ағаштың кәрі тал екені көрініп тұр.

Аудандық әкімдіктегілер бұған еш кінәсі жоқ екенін айтады. Сарапшылар да кінәні дәлелдеу қиын екенін, одан да алдын ала сақтанып жүру керек екенін айтады.

«Сіз қандай жағдайдан сақтанғыңыз келеді, соны сақтандыру компаниясына жаза аласыз. Сондай жағдай болған болса, сақтандыру компаниясы бәрін мойнына алады», – дейді сақтандыру жөніндегі сарапшы Марина Шиповалова.

Алайда бұл жүргізуші үшін артық шығын. Ағаштан құлау оқиғасынан сақтандыру, орта есеппен көлік құнның 5 пайызына тең. Егер көлік 2 млн теңге тұрса, сақтандыру жылына 100 мың теңге.

Сергей Бруснецов енді сотқа шағымданатынын, әлде көлігін металл етіп өткізетінін білмей дал. Айтуынша, осындай жағдайдың алдын алмаса, бұдан зардап шегетіндер алдағы уақытта да болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар