Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлігімен әйелді қағып өлтірген 78 жастағы зейнеткер қылмысын мойнына алды

Шымкент қаласында көпбалалы ананы көлікпен қағып өтіп, оқиға орынынан жылдам ізін суытқан жүргізуші құрыққа түсті. Желтоқсан айының соңында Бақытгүл Әбдиеваны жол үстінде опат қылған адам 78 жастағы зейнеткер екен. Ол полицияға келіп өзі берілген.

 photo_14639

Бұл туралы ktk.kz хабарлайды

«Нексиа» маркалы көліктің соққысынан 32 жастағы келіншек 18 метр жерге дейін ұшып кеткен. Базарда нан сататын әйел ауруханаға түскенімен, бір күннен соң жан тапсырды. Одан соң полиция қызметкерлері дереу бейне бақылау камералары арқылы да, куәгерлер арқылы да іздеу жүргізгенімен нәтиже шығара алмай қойған.

Арада бірнеше күн өткен соң полиция бөлімшесіне бас сұққан 78 жастағы зейнеткер қылмысын мойындаған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, қаза болған әйелдің артында 5 бірдей баласы қалды.

Талқылау