Көлігімен 60 метрлік жартастан құлаған бойжеткен таңғажайып жағдайда аман қалды

Көлігімен 60 метрлік жартастан құлап кеткен америкалық бойжеткен бір апта өткеннен кейін аман-есен табылды.

Көлігімен 60 метрлік жартастан құлаған бойжеткен таңғажайып жағдайда аман қалды

Бұл туралы BBC News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Портлендден Лос-Анджелестегі әпкесі жол тартқан қыз автокөлікті өзі айдаған. Ол Калифорния жағалауының бойындағы тас жолмен жүріп бара жатып, жануармен соқтығысып қалмау үшін рөлді бірден бұра қалғанда, көлік жолдан шығып кеткен.

Оның құздан құлаған көлігін Биг-Сур ауданында жүрген туристер тауып алды. Бір апта иен далада жалғыз өзі жатқан бойжеткен апатқа ұшыраған автокөліктің радиаторындағы суды ішіп аман қалды.

60 метрлік жартастан құлап, таңғажайып жағдайда аман-есен табылған қыздың иығы қатты зақымдалған.

Ал, Монтерей қаласының полиция қызметкері Джон Торнбург осыншама биік құздан құлаған қыздың жолы болды дейді. Себебі, көлік мұндай биіктіктен құлаған жағдайда адамдар бірден мерт болады немесе оларды мұхит шайып әкетеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар