"Батасын берді": Аты аңызға айналған әнші Димаштың жанкүйері екенін айтты (видео)

Димаш Құдайберген әлемдік опера аңызы Андреа Бочеллимен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Андреамен кездескендегі видеосын жүктеді. 

«Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып, батасын берді. Көргеніме қуаныштымын, аңыз тұлға!» - дейді Димаш Құдайберген.

Екі өнерпаздың қандай шарада өнер көрсететіні белгісіз. Алайда, біраз уақыт бұрын Димаштың кіндік анасы Айған Жолдасова әншінің «Азияның мәдениетінің карнавалында» өнер көрсететінін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, артынша өшіріп тастаған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаштың аты аңызға айналған әншімен дуэт жазып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр