Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолаң шашын қиып тастаған Айдана Меденова жұртты таңғалдырды 

Әнші Айдана Меденова көпшілік алдына жаңа стильмен шықты. “Жыл таңдауы” концертінде жүлделі болған әнші жаңаша кейіпте ән салды.

Әнші биылғы шыққан “Тәтті дауыс” әнімен көпті баурап алды. Осы әні үшін жүлделі болды. Айдана ән үшін қырғыз композиторы мен жұбайына алғысын айтты.

“Әнді әсерлі қылып, маған арнап жазған Шынғыс аға мен өнерде де, өмірде де қолдауын аямайтын жарыма алғысымды айтам. Бүгінгі марапатқа солар лайықты. Бұл қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Қандай да бір жетістікке жетсем, алдымен Аллаға мың да бір шүкір. Екіншіден, мені қолдап жүрген халқыма алғысым шексіз. Сіздермен бірге талай жетістікке жететініме сенем”, – деп жазды әнші.

Айдана Меденова

Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап жатыр. Меденованың жаңа стилі үшін де баға берді.

“Әдемі болып тұрсың, не істесе де жарасады”, “Құтты болсын, тәтті дауыс иесі”,”Қолаң шашыңыз әдемі еді, неге қидыңыз”, деп жазды олар.

Жүлдесіз қалған Әбдіжаппар Әлқожа жыл таңдауларын кекете пікір жазды. Қарақат Әбілдина “Жыл таңдауы-2018” концертінен жаман әсер алғанын айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау