Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолаң шашын кесіп тастаған Диана Шарапова жұртты таңқалдырды (фото)

Ерекше қылықтарымен жұртты тәнті етіп жүретін Диана Шарапова бұл жолы да қапы қалмады. Босанғаннан кейін өміріне өзгеріс енгізбек болған әнші қолаң шашын кесіп тастаған-ды.

20478954_327916900991273_4736370332074508288_n

Сурет: Диана Шарапованың жеке парақшасынан

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Қызының туғанына 25 күн толған кезде үлкен сахнаға шығып таңқалдырған әнші енді ұзын шашын кесіп тастап жұртты қайран қалдырды. Әнші осылайша жаңа өмір бастағысы келген сыңайлы.20838232_110809242958864_8757878589346545664_n

“Кейде жай ғана аялдау қажет… Тоқтау арқылы өзіңді естіп, көріп, сезіп, түсініп, жаңа қалыпқа еніп, жаңа түс пен дәмді сезінуге болады. Сіз осылай жасай аласыз ба? Бүгін физикалық тұрғыдан сәл аялдауым керектігін түсіндім. Өзіңмен жеке қалу да маңызды”, – дейді Диана Шарапова.

21296470_1734165986628163_2594165662737760256_n

Шашына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатты. “Сізге жарасады екен. Сіз батыл жансыз”, “Жаңа образ сізге жарасып тұр”, “Тамаша! Сізге осы шаш үлгісі ерекше жарасады”, “Диана, саған карэ жараспайды екен”, “Көркіңізге көз тоймайды” деп жазады желідегілер.

Талқылау