Қол терлесе не істеу керек

Қол неліктен терлейді? Сондай-ақ, қол терлегенде не істеу керек? Бұл ретте Stan.kz ақпараттық агенттігі мәселені мүмкіндігінше тиімді шешу үшін осы сұрақтың жауабын білуге көмектесіп, бірнеше кеңес ұсынады.

Қол терлесе не істеу керек

Алақанның терлеуі көп жағдайда тершеңдікке байланысты. Біреулер табиғатынан тершең адам болса, екіншілері керісінше көп терлемейді. Кейбіреулердің тер бездері табиғи түрде жалқау болады және жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан олар тершеңдіктен зардап шекпейді. Ал біреулердің тер бездері болмашы нәрселерден қатты әсер алып, жылдам әрекет етеді. Мысалы, кейбір адамдар аздап қобалжып қалса, алақандары суық әрі жабысқақ болып кетеді.

Бір қуанарлығы бұл ауру емес. Дененің басқа бөліктері сияқты қолдың терлегіштігі дәлірек айтқанда ауруларға емес, адамның жеке қасиеттеріне жатады. Ал, бұл дегеніміз тершеңдікті іс жүзінде емдеу мүмкін емес. Басқа да денедегі кемшіліктер секілді мұны да тек хирургиялық ота немесе басқа да емдік әдістер арқылы емдеуге болады.

Егер сіздің тершеңдігіңіз туа біткен қасиет емес, жүре пайда болған ерекшелік болса оны емдеуге болады. Бұл жағдайда әңгіме дененің терлеуіне себеп болатын ағзадағы кейбір өзгерістер жайлы болмақ. Егер оларды анықтап және түзетсе ылғалды қол, яғни тершеңдік мәселесі өздігінен жоғалады.

Қолыңыз терлесе не істеу керек

1. Денеңізді салқындатыңыз.

Тердің көп мөлшерде бөлінуінің басты себебі дененің қатты қызып кетуінде. Сондықтан алақаныңыздың ыстықтан зардап шекпейтініне көз жеткізіңіз. Бөлмедегі ауа температурасын қадағалап, мүмкіндігінше қолыңызды суық суға жуыңыз.

2. Көп сұйықтық ішіңіз.

Бір қарағанда әдеттен тыс көрінгенімен, бірақ бұл әдіс жақсы жұмыс істейді. Денедегі жеткілікті ылғалдылық қызып кетуден қорғаудың маңызды элементі болып табылады.

3. Тері күтіміне арналған өнімдерді ауыстырыңыз.

Қолға арналған нәрлендіретін майлы кремдер тері айналасында қабықша құрайды. Ал ол ауа алмастыруды қиындатады. Соның нәтижесінде алақан жылдам қызып, көп терлейді. Егер кремсіз жүре алмасаңыз, жеңіл ылғалдағыш қолданыңыз.

4. Спиртті негіздегі қол тазалау құралдарын қолданыңыз.

Сондай-ақ, гигиеналық майлықтар да қолайлы. Себебі, спирт судан жылдамырақ булатындықтан, теріні тиімді салқындатады.

5. Алақаныңызды балаларға арналған ұнтақпен сүртіңіз.

Ұнтақтың негізін құрайтын тальк пен крахмал тамаша сіңіргіштер болып табылады. Олар артық ылғалды дереу сіңіреді және бірнеше сағатқа дейін қолыңыз құрғақ болып тұрады.

Сондай-ақ, тальк пен картоп немесе жүгері крахмалын бөлек пайдалануға болады.

6. Қолға арналған арнайы антиперспирант сатып алыңыз.

Алюминий хлоридті негізделген өнімдер тері бездерін тиімді бұғаттайды. Оларды ұйықтар алдында таза және құрғақ қолға жағыңыз.

7. Ас содасымен уқалап, массаж жасаңыз

Сода тер шығаруды төмендетіп, булануды жақсартады. Ас содасымен массаж жасау тәсілі де қарапайым. Бір ас қасық суға 2 шай қасық сода қосығыз. Су мен соданың қосындысынан пайда болған түйіршікті теріге жағып, 5 минуттай ұстап тұрыңыз. Содан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз.

8. Қолыңызды алма сірке суымен сүртіңіз.

Органикалық сірке су рН-ні қалыпқа келтіреді және терінің булануын жақсартады. Барлық гигиеналық процедураларды аяқтағаннан кейін, кешке қарай алақаныңызды сүртіңіз. Мүмкін болса, сірке суын түнде жақпаған жөн.

9. Өзіңізбен шалфей жапырақтарына малынған кішкене жастықша (әтір)  алып жүріңіз.

Арасында кептірілген шалфей мата жастықшаларын қолыңызға қысып ұстап жүріңіз. Себебі, өсімдік жапырақтары уылдырғыш қасиеттерге ие. Олар тердің бөлінуін азайтады және жағымсыз иістерді бейтараптандырады. Сондай-ақ, қолды шалфеймен булауға болады. Бір уыс жапыраққа 1 литр қайнаған су құйып, суытыңыз да 20 минут алақаныңызды шалфей қайнатпасына салып қойыңыз.

Егер қарапайым әдістер көмектеспесе не істеу керек

1. Өз денсаулығыңызға назар аударыңыз.

Бұл ұсыныс екінші тершеңдікке немесе бастапқы терлегіштігі күшейгендерге қатысты. Тері бездерінің жиі белсенділігі семіздікке, жүктілікке, менопаузаға, тұз байлану ауруына, ревматоидті артритқа, түрлі ісіктер мен алкогольді шектен тыс қолдануға, қант диабетіне және  қалқанша без қызметінің күшеюіне байланысты болуы мүмкін.

Сіздің тершеңдігіңіз оншақты немесе басқа да аурулардың, физиологиялық жағдайдың белгісі, сондай-ақ белгілі бір дәрілерді қабылдаудың жанама әсері болуы мүмкін. Сондықтан, қалқанша безі қызметінің күшеюіне қарсы күрестен бастап, бірінші кезекте терапевтке қаралып, оның ұсыныстарын тыңдау керек.

2. Дәрігерден антихолинергиялық дәрілер жазып беруін сұраңыз.

Бұл препараттар тері шығаратын жүйке импульстарын тоқтатады. Оларды үнемі қабылдау керек. Сондай-ақ, терлегіштік аталған препараттарды қабылдауды бастағаннан кейін екі аптадан соң ғана төмендеуі мүмкін. Тершеңдікке антидепрессанттар да көмектесе алады. Осы препараттардың кейбіреулері тер шығаруды сонымен қатар, олармен байланысты алаңдаушылықты азайтады.

3. Ионофореза курстарынан өтіңіз.

Бұл процедурада қолыңыз әлсіз электр тогы өтетін жылы су құйылған ваннаға батырылады. Мүлдем ауырпайтын осы әдіс өте тиімді болып саналады. Ал тершеңдікті елеулі түрде азайту үшін 2-4 сеанстың өзі жеткілікті.

4. Тіпті болсама симпатэктомия жасатыңыз.

Симпатэктомия хирургиялық отаның атауы. Оның барысында дәрігер алақандағы тер бөлінуді реттейтін кейбір жүйке тамырларын алып тастайды. Ота шамамен жарты сағатқа созылады және жалпы анестезиямен жүргізіледі. Бұл алақанның терлеуін жоятын түбегейлі және ең тиімді тәсіл.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар