Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қол көтереді деп жалған сөйледі»: Ақтөбелік әйел 11 жасар қызының әкесіне барғаннан кейін өзгеріп кеткенін айтты

Туған қызым менен теріс айналды, сөйлескісі келмейді. Осылай деп жанайқайын жеткізген ақтөбелік келіншек 11 жастағы қызының болашағы үшін қатты алаңдаулы. Айтуынша, оның мінез-құлқы әкесінің үйіне барғаннан кейін адам танымастай өзгеріп кеткен. Тіпті, анам маған қол көтереді деп жалған сөйледі, дейді. 

«Қол көтереді деп жалған сөйледі»: Ақтөбелік әйел 11 жасар қызының әкесіне барғаннан кейін өзгеріп кеткенін айтты

Сурет: "Еуразия бірінші арнасы"/видеодан скриншот

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.

Ақмарал жолдасымен 2012 жылы заңды түрде ажырасқан. 11, 13 жастағы қыздары мен 8 жастағы егіз ұлдары соттың шешімімен анасының тәрбиесінде қалады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушілікке балалардың еш қатысы болмағаннан кейін, ол балалардың әкелерімен кездесіп тұруына кедергі болмаған. Ұлдары мен қыздары мереке, демалыс күндері әжелеріне қыдырып барып, қонып қалып жүрген. Тек наурыздағы мерекелерден кейін әкесіне барған екінші қызының мінезі күрт өзгергенін байқайды. 

«Бала менен қорқып, зәбір көрген құсап қалды. Үлкен қызыма да: «Сені алып кетеді, әкем құжат дайындап жатыр», - деп шыңғырып, әкесі есікті теуіп, алып кетті. Алып кеткеннен кейін менің үстімнен арыз жазған. «Анам мені қылғындырды, телефонмен басымнан ұрды», - деп айтқызған. Медициналық сараптамадан анықтама алып, 8-і күні әкімшілік сот болды», - дейді оқушы қыздың анасы.

Ал Ақмарал қызын ұрмақ түгілі, дауыс көтермейтінін айтады. Балалары да бір-біріне қамқор, бауырмал . Аналарына «сіз» деп сөйлеу керек деп тәртіп орнатқан да осы 11 жастағы қызы екен. Ақмарал оның аяқ астынан «әкеме кетем» деп шешім қабылдауына біреулердің ықпалы болды деп күмәнданады. 

«Ол алиментті дұрыс, уақытылы төлемегендіктен, оның қарызы болғаннан кейін , қолдан жасап отырғаннан кейін, өндіріп беруін сұрадым. Бәрі осыдан басталды. Үйдегі бауырлары бар, егіз інілері бәрі сағынып жүр», - дейді анасы көз жасын тыя алмай.

Аурухананың неврология бөліміндегілер қыздың қандай диагнозбен жатқанын, не ем жасалып жатқанын ашып айтпады. Дәрігерлік құпия деп отыр.

«Белгілі бір неврология белгілерімен түсті, жағдайы жақсы. Толық тексеруден өткізіліп, ем қабылдап жатыр», - дейді облыстық балалар ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі Бағила Жұмашева. 

Ақмаралдың айтуынша, балаларының әкесі қазір отбасын құрған. Екінші некеде ортақ ұлдары бар екен. Ер адамды бұрынғы келіншегінің үстінен сотқа шағымдануына не түрткі болғанын сұрадық. Қызымның шешімі осылай, ол анасымен тұрғысы келмейді, дейді ол. Ал Ақмаралдың туған қызына қол көтергенін өз көзімен көрмегенін айтады.

«Туған шешесі ғой, көзіммен көрген жоқпын. Туған шешесі балаға қол көтерді, жағдайы жаман болды деп айта алмаймын. «Мен анаммен тұрғым келмейді», - деді. Бала болғасын ұсақ-түйек әңгіме айтады ғой. Мен: «Ондай терме әңгіме керек емес, өмірлік қадамың, бұл саған мазақ емес, дұрыстап ойлан», - дедім», - дейді оқушы қыздың әкесі.

Келіншектің мәселесімен танысқаннан кейін, қорғаншылық бөліміндегілер соңғы шешімді сот қабылдайтынын айтты. Осы оқиғадан кейін қыздың әкесі лезде құзырлы орындарға баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы арызданған. 

«Баланың тұрғылықты мекенжайын анықтаумен сот айналысады. Әкесі кедергі жасайтын болса, бізге арыз жазып кетіңіз, біз баланың анасымен кездесіп тұруына шешім шығарып береміз», - дейді қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ағырыс Шағырова.

Баласына қол көтерді деп әкімшілік жауапқа тартылған Ақмаралға айыппұл салған. Алайда келіншек мұнымен келіспейді. Медциналық сараптаманың қорытындысына да күмәнданатынын айтты. Мен қызыма қол көтерген емеспін, дейді. 

Ата-анасының арасында тағыдыры таласқа түскен 11 жастағы оқушының мәселесі енді сотта шешілетін болады. Өйткені, қыздың анасы бұған дейінгі соттың шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр