Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыс үшін қарыз: БҚО-да 6-сынып оқушысына сотқа дейінгі талап-хат келген

БҚО-ның Мичурино аулында тұратын 6-сынып оқушысына коммуналдық қызмет өкілдерінен екі рет сотқа дейінгі талап-хат келген. Оралда қатты тұрмыс қалдықтарын шығарумен айналысатын «Орал Таза Сервис» компаниясы Диляра Хайруллинның атына жазылған талап-хатты алғаш рет 26 қазанда жіберіпті.

Қоқыс үшін қарыз: БҚО-да 6-сынып оқушысын сотқа бермек болған

Бұл туралы «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Кешке мектептен қайтып келгенімде, хатыты көрдім. Конвертті ашқанда, ішінде менің атыма жазылған хат болды. Онда көптеген түсініксіз сөз жазылған. Алайда хатты соңына дейін оқып, мені сотқа бергелі жатқанын түсіндім. Бірден жылап жіберіп, артынша хатты әжеме көрсеттім», – дейді Диляра.

Мұнан кейін Диляраның ата-анасы мен әжесі «Орал Таза Сервиске» хабарласып, хат жолданған адамның есімі және қарыз фактісі бойынша қате кеткенін түсіндірмек болыпты.

«Хатта Диляраның қоқыстың шығарылуы үшін 11 600 теңге қарыз екені жазылған. Немеремді қарыз етіп көрсетіп қана қоймай, ол тағы сотқа баруы тиіс екен. Біз бұл компанияның қызметтерін мүлде қолданбаймыз. Мән-жайды анықтау үшін «Орал Таза Сервиске» хабарластық. Ал олар 15 қарашада тағы сол талап-хатты жіберіп, 13 000 теңге қарыз екенін жазған», – дейді Диляраның әжесі Раиса Хайруллина

Белгілі болғандай, соттың талап-хаты тек Хайруллиндер отбасына емес, ауылдың басқа да тұрғындарына келген екен. Бұл жайт Хайруллиндердің көршілерін ашуландырып отыр. Айтуларынша, Мичурино аулының осы аумағының тұрғындары «Орал Таза Сервис» ЖШС-ның қызметін пайдаланбайды.

«Біздің ауданды қоқыс контейнерлері жоқ. Әркімнің ауласында темір жәшік тұрады. Қоқысты соған салып, өртейміз. Ал жиналып қалған күл мен жанбайтын қоқысты арнайы трактор алып кетеді. Ол үшін біз «Орал Таза Сервис» компаниясынан арнайы талондарды 400 теңгеден сатып аламыз. Яғни біз қоқысты тегін шығара алмаймыз. Олар бізді қарыз қылып қойғаны ашуландырады», – дейді Диляраның әжесі.

Ал «Орал Таза Сервис» ЖШС-дағылар баланың атына жіберілген сотқа дейінгі талап өздерінің тарапынан жіберілген қателік екенін мойындады. Алайда олар тұрғындардың қарызы жоқ екендігі туралы уәжбен келіспей отыр.

«Кәмелет жасқа толмаған балаға жолданған соттың талап-хаты қателікпен жіберілген. Ол үшін кешірім сұраймыз. Алайда көрсетілген қызмет ақысына келер болсақ, талап негізсіз емес. Біз сол ауылға қызмет көрсетіп, қоқысты шығарамыз. Яғни, факт бойынша, қызмет көрсетіледі. Ал егер олар талондарды қолданса және біздің қызметтерімізден босағысы келсе, сол талондарды дәлел ретінде алып келсін», – дейді компанияның абоненттік бөлімінің басшысы Райымбек Ихсанғалиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау