Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыс салатын қаптан кешкі көйлек жасап алған блогер жұртты таңдандырды (видео)

Эмбер Скул қарапайым бірақ қайталанбайтын дизайнерлік идеялары арқылы танымал боп шыға келді. Ол кез келген адамның қолынан келетін киім үлгілерін ұсынады.

Қоқыс салатын қаптан кешкі көйлек жасап алған блогер жұртты таңдандырды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Эмбер Скул — Лос-Анджелесте тұратын YouTube-блогер. Ол ерекше заттар жасаудың тың тәсілдерін ұсынып, желіде танымал боп шыға келген.
Таяуда бойжеткен қоқыс салатын қаптан кешкі көйлек жасады.

Эмбер көйлектің негізі ретінде қалың тостағаны бар «боди» қолданған. Бұдан өзге, көйлекті жасау үшін қара түсті қоқыс қаптары қажет.

Қоқыс салатын қаптан кешкі көйлек жасап алған блогер жұртты таңдандырды (видео)

Ең алдымен, қоқыс қабын саусақтың айналасында айналдырып, ақырын қолды шығарып алу керек. Нәтижесінде пайда болған «раушан гүлін» изолентамен жабыстырып қойған дұрыс.

Көйлекті бастан-аяқ көмкеру үшін майда «раушан гүлдері» көп болуы қажет.

Бұдан кейін Эмбер шілтері шымылдықтан жасалған белдемшесін алып, оны «раушан гүлдерімен» әсемдеді. Белдемшеге жабыстырылатын «гүлдер» үлкенірек болуы керек.

Қоқыс салатын қаптан кешкі көйлек жасап алған блогер жұртты таңдандырды (видео)

Боди мен белдемшені сәндеп болған соң, «гүлдер» нықтап бекуі үшін оны бірнеше сағатқа қойып қою керек.

Нәтижесінде дайын болған көйлек – Эмбердің үстінде.

Қоқыс салатын қаптан кешкі көйлек жасап алған блогер жұртты таңдандырды (видео)

Түсінбеген жандар болса, толығырақ төмендегі видеодан көруге болады.

 

Талқылау