Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктөбеде Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылатын орын таңдалды

53 жасында қайтыс болған белгілі қазақстандық әнші Батырхан Шүкеновке Көктөбенің қай жерінен ескерткіш қойылатыны анықталды. Саябақ басшылығы “Алтыбақан” орналасқан тұсқа танымал әншінің ескерткіші орнатылуы мүмкін дейді.

image15757

Әншінің бұрынғы директоры Олжас Байқанов ескерткішті орнатардан бұрын, үздік эскизге конкурс жариялау керек дейді.

“Менің ойымша ең үздік ескерткіш эскизіне байқау жариялау керек. Суретшілер ескерткіш үшін қандай орын таңдалды, өлшемі қандай барлығын білгені дұрыс”, – дейді Байқанов.

Оның сөзінше тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік үміткерлер де бақ сынағаны жөн.

Ертеректе, қазақстандық архитектор Асхат Бәкіров жоба эскизін ұсынып, танымал әншіге арналған 3D анимациялық бейнедегі жобасын көрсеткен еді.

“Мен бұл жобаны ол қайтыс болған соң бірден бастап кеттім. Ескерткіш граниттен, ал портреті қоладан жасалуы керек. Ұзындығы – 4 метр болса, ені – 5 метр. Мен тек жоба авторы ғанамын, менде демеуші жоқ. Бұл идеяның қалай жүзеге асатынын білмеймін. Бірақ, ескерткіш Көктөбеге орнатылса деймін”, – деген болатын Бәкіров.

Талқылау