Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктемде бензин бағасы қымбаттайды

Осы көктемнен бастап қазақстандықтар бензинді жаңа бағамен құя бастайды. Бензин бағасы тек Қазақстан емес, көршілес Ресейде де өседі екен.

image23202935_ae7c1e33810486bde30f93e2b80aacb7

Сурет news.mail.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мұнай секторының сарапшылары жанармай бағасы қымбаттайды деп отыр. Олардың болжамынша Ресейдегі бензин бағасының өсуі Қазақстанға да өз әсерін тигізбек. Оларда наурыз айынан бастап мұнай өнімдеріне салынатын кедендік баж салығы алынып тасталады. Сосын Қазақстанның ішкі нарығын да қамтамасыз етіп отырған отын акцизі де ұлғаймақ.

“Бензиннің қымбаттауы мен акциздердің өсуі бір-біріне байланысты нәрселер. Менің ойымша 5-10 пайыз көлемінде баға өсетін шығар. Үкімет үнемі акцизді көтерген сайын, міндетті түрде жанармай құны да өсіп жатады”, – дейді “Автомобилистер қозғалысы” ұйымының төрағасы Армен Оганесян.

“Нақты айту қиын, себебі бізде бензин бағасын есептеудің методикасы жоқ. Бізде таза волюнтарлық көзқараспен қойылатын сияқты. Оны біреудің қалтасы көтереді, біреудің қалтасы көтермейді”, – дейді мұнай-газ секторының сарапшысы Сергей Смирнов.

Сарапшылардың мәліметінше, 2010 жылы Қазақстанға Ресейден 800 мың тонна бензин әкелінсе, былтырғы жылы импорт көлемі 300 мың тоннаға дейін көбейген. Қазақстанның ішкі нарығын отынмен қамтамасыз ететін мұнай өңдеу зауыттары сонау кеңестік кезеңде салына бастаған болатын. Шенеуніктер тіпті артық өнімді шетелге экспорттаймыз деп те ойлаған. Алайда 2015 жылы бітуі тиіс құрылыс, тағы келесі жылға қалыпты. Ал оның да 2017 жылы пайдалануға берілетініне кепілдік жоқ.

Талқылау