Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктайғақтың кесірінен болған жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қазақстанның екі бірдей аймағында жантүршігерлік жол апатынан үш ересек адам және үш айлық нәресте көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға түсті.

gololed1

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақтың салдарынан жол апаты орын алып, салдарынан 4 адам бақилыққа аттанды, деп хабарлады Sputnik.

Қос жол апаты да сейсенбі күні таңертең болған. Павлодар облысы ІІД хабарлауынша, Павлодар-Өспен тас жолында 39 жастағы Mitsubishi Pajero автокөлігінің әйел-жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып Audi 80 автокөлігіне соқтығысқан. Оның рөлінде 38 жастағы ер азамат отырған. Audi 80 көлігінің жолаушылары — 66 жастағы ер адам мен үш айлық нәресте оқиға орнында көз жұмды. Аталмыш көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы және Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

“Audi жолаушысы жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Алған жарақаты көп, сондықтан ота жасауға тура келді. Audi автокөлігінің жүргізушісі де бірнеше жерден жарақат алған. Жағдайы орташа, ол облыстық аурухананың травматология бөлімінде жатыр», – деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мухамадиева.

Ал әйел-жүргізуші №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Миы шайқалған және бірнеше жерден жарақат алған, жағдайы орташа.

СҚО-да болған жол апаты Мағжан Жұмабаев ауданында орын алған. Ford және камаз автокөліктерінің соқтығысуынан 63 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі мен оның 58 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

“Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала болжам бойынша, жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарс жолаққа шығып кеткен», – деді ішкі істер департаментінде. Қылмыстық іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

Алматыда банк күзетшісіне шабуыл жасалды

Семейде күйеуімен ұрысып қалған келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Семейлік әйел дәретханада басқа әйелмен қатынасқа түскен күйеуін сабап өлтірді

Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі сыбайластарын у беріп өлтіріп келген

Талқылау