Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық зейнеткер жаяу жүргіншіні қағып алып ауруханаға жеткізіп, өзі қашып кеткен

Көкшетауда көлік басқарған қария жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Жәбірленушіні ауруханаға жеткізгенімен өзі қашып кеткен. Қазір оның кім екені анықталып,іздеу жарияланды.

3480_0001

Бұл тура Ақмола облыстық ІІД хабарлап отыр.

«ЖКО Көкшетау қаласында таңғы сағат 8 шамасында болған. Аudi көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіге арналған жерге келгенде тоқтай алмай 61 жастағы ер адамды қағып өткен. Ол дереу тоқтап зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген»,- дейді ІІД хатында.

Көлік иесі оқиға кезінде шошып қалған болуы керек. Ол тіпті ЖКО бойынша полицияға да хабарламаған. Зардап шегушіге дәрігерлер «екі аяғының да саны сынған» деген диагноз қойған.

Көлікті 69 жастағы азамат басқарған. Енді оның істеген әрекеті бойынша әкімшілік жауапкершілік бойынша іс қаралуда.

Талқылау