Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық прокурор бірнеше шет тілінде еркін сөйлейді

Прокурорлар – шетінен қатаң тәртіппен өмір сүретін талапшыл. Сегіз қырлы бір сырлы келетіндері де бар. Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Алмас Баймурзин сондай жан. Бірнеше шет тілін меңгерген. Өнерге де бар таласы. Ал ізгілік амал жасап, қайырымдылық танытуда көпке үлгілі бола алады. Бірақ онысын жария еткісі жоқ.

65565

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

30 жастағы Алмас Баймурзиннің прокуратура саласына келгеніне небәрі 2 жыл ғана. Аз уақытта білімі мен біліктілігін байқатты. Әуелі Атырау облысында абыройлы қызмет етті. Ал қазір Көкшетауда қылмыстық істерді қадағалайды.

“Күнделікті жұмыста өзінің ойын, жаңа идеяларын ортаға салып, ұжымның арасында өзінің мойнына бір талаптарды, міндеттерді алады. Қандай тапсырма болса да, қолынан келгенше тиянақты, сапалы орындап жүрген азамат”, – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Ахмет Балмашев.

Бейжіңде 4 жыл бойы қытай тілін меңгерген Алмастың ағылшыншасы да жаман емес. Бала кезінен біліммен қатар өнерге де жақын өсіпті. Қазір фортепиано, даңғыра және домбыра секілді аспаптарда еркін ойнай алады. Әкесі сот саласында еңбек еткен. Анасы да заңгер. Ал «баламыздың бойына қонған өнер – қанмен келген қасиет», – дейді ата-анасы.

“Біздің шешеміз Гүлзира, ол кісінің әкесі – Мағжан. Сол Мағжан мен Сәбит Мұқановтың әкелері бір туысқан”, – дейді әкесі Еркін Баймурзин.

«Енді ата-анамның жолын одан әрі жалғап, үлгілі әке атанып, саналы ұрпақ тәрбиелесем екен», – дейді.

“Арманым – жан-жақты жетік, үздік болу. Ал ең басты мақсатым – әке-шешем секілді саналы ұрпақ тәрбиелеу. Менің ойымша, адамның бойындағы барлық жақсы қасиеті оның өмірінде кез-келген тұста мейлі кім болсаң да, қандай салада қызмет етсең де, өз пайдасын береді”, – дейді Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Алмас Баймурзин.

Алмас қайырымдылықтан да кенде емес. Бірақ онысын жария еткісі жоқ. Көпшіліктен естіп-білгеніміз, бірнеше сәбидің шетелде ем алып, аман қалуына сеп болыпты. Кейіпкеріміздің бұл қасиеті де – көпке үлгі.

Оқи отырыңыз:

Рәбиға Сыздықова: Қазіргілер үтірді өз білгенінше қойып сауатсыздық қалыптастырып жатыр

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларға назын айтты

Прокурорды жаралап, өзіне қол салған кәсіпкер соңғы сөзін видеоға жазып қалдырған (видео)

Шымкент тұрғыны латын әліпбиіне көшудің оңай жолын ойлап тапты

Талқылау