Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық оқушылар асық ойнауды әдетке айналдырды

Көкшетау қаласында мектеп оқушылары асық ойнауды әдетке айналдырған. Қай мектепке барсаңыз да, үзіліс кезінде асық ойнап жатқан балаларды кездестіруге болады. Тіпті бұл үшін мектеп дәліздерінде арнайы орындар да қарастырылған екен.

4bIgTb6vSRZ733eV80393kaONp660k

Фото: old2.kaztrk.kz

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

Қоңырау соғылысымен, балалар дәлізде асық ойнауды әдетке айналдырған. Оның ішінде бес асық пен ханталапай ойнауға бәрінің жаны құмар.

“Мен асық ойынын төрт жыл бойы ойнаймын. Осы ойыннан көптеген жетістіктерге жеттім. Негізі асық ойыны математика мен ой өрісін дамытады”, – дейді №3 орта мектеп оқушысы Жұлдызай Амангелдиева.

Бұнда ғана емес, тағы бір мектепте де осы жағдай. Үзілісте барсаңыз, асық ойынының нағыз қызған ортасына тап боласыз. Және оны ұлдар ғана, қыздар да ойнайды.

Балаларға асық ойыны мен оның түрлерін осыдан екі жыл бұрын еңбек пәнінің мұғалімі үйреткен екен. Содан бері  қызығушылықтары артқан оқушылар жаппай асық ойнауға көшкен. Көбіне бастауыштан 7 сынып аралығындағы оқушылар осы ойынға әуес.

“Өздері ойнайды. Сен ойна деп айтпаймыз. Үзіліс кезінде, бос уақытында барлығы осында келіп ойнайды”, – дейді Еңбек пәнінің мұғалімі Өміртай Өкейұлы.

Еңбек пәнінің мұғалімі балалардың қызығушылығын ескеріп  жиналмалы үстел де жасап берген. Еденге арнайы кілем де төселген. Басқа да мектептерде асық ойынына қатысты үйірмелер ашылып, қала оқушылары арасында кең таралып жатыр.


Оқи отырыңыз:

Қостанайда студенттер «Асық Party» ұйымдастырды

Қытайлықтар пластмасса асықтар шығарып сата бастады

Қызылорда тұрғыны асық тәрізді машина құрастырып шықты

Павлодар облысында мектеп мұғалімі балаларға асық ойнайтын үстел жасап берді

Талқылау