Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық құтқарушылар өзенге батып кетпек болған әйелді құтқарып қалды

Ақмола облыстық ТЖД жедел-құтқару отрядының қызметкерлері суицидтің алдын алды. Оқиға 6 шілде күні Қопа өзенінде болған.

f1ea0269-dd9b-4535-be3b-113b6e1e5db1

Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті хабарлады. Қопа өзені бойын бақылап жүрген құтқарушы өзенге батып кетпекші болған әйелді байқап қалады. Әйел өзенге киімшең және сөмкесінен түскен соң, құтқарушы оның әрекетінен күдіктенген.

1835205d-b7fc-4de2-b723-e9c28a776b39

“Құтқарушылар оқиға орынына келген кезде әйел суға белуардан түскен. Бұл уақытта ол үстіндегі киімін шешпеген және сөмкесін бірге ұстап тұрыпты. Құтқарушылардың бірі әйелді қате әрекетке бармай, жағаға оралуға шақыра бастайды. Осылайша ол әйелді алаңдатып, екінші құтқарушының оған жақындауына мүмкіндік жасайды. Құтқарушылар әйелді аман алып қалған”, – делінген хабарламада.

Әйелді жағаға алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Оқи отырыңыз:

Алматыда ер адам екі шіркеуді таспен атып киратты

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

54 жастағы әйел екінші қабаттан құлаған баланы қағып алды

ШҚО-да педофил кішкентай қызды шешіндіріп тастаған жерінен ұсталды

Талқылау