Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаудың тұрғынын 30,6 миллион теңгеге тонап кетті

Үш ер адам Көкшетау тұрғынын 30,6 миллион теңгеге тонап кеткен. Көкшетау қалалық соты азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Наручники

Сот анықтағандай, азамат А. алдын ала келісім бойынша  Т. және А-азаматтарымен үйге заңсыз кіріп, азамат К-ның 30 664 488 теңгеге мүлкін ұрлаған.

Сот үкімімен азамат А.  ҚР Қылмыстық Кодексінің «Ұрлық» 188-бабының 2-тармағы бойынща кінәлі деп тапты. Оған тиесілі жеке мүлкін тәркілеу және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейді. Ал оның сыбайластары Т. мен А., 2013 жылғы 7 қарашадағы Көкшетау қалалалық сотының үкімімен бұрын сотталды.

Сонымен қатар, сот сотталушыдан және азаматтар Т. мен А-дан зардап шегушінің пайдасына 20 373 161 теңге материалдық зиянды өндіріп алды.

Талқылау