Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жігіт жұмысқа бармау үшін, өзін ұрлап кетті деп хабарлаған

Көкшетау полициясы өзінің ұрланғаны туралы жалған оқиға құрастырған 24 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

444a0f2aef0f425789ee0856ec8b8a1a__980x

Сурет life.ru

“2 шілде күні Көкшетау полиция басқармасына 45 жастағы әйел шағым білдіріп, ұялы телефонына ұлы қоңырау шалып, белгісіз адамдар ұрлап кетті деп хабарлағанын айтады. Ұлының айтуынша белгісіз адамдар оны белгісіз бір үйдің ауласында ұстап отырғанын айтқан. Ұлының өмірі үшін алаңдаған анасы бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан”, – делінген хабарламада.

Іздеу барысында тәртіп сақшылары қаладағы барлық жертөле мен бос қалған ғимараттарды қарап шығуға бел байлайды. Деректер базасындағы мүмкін болған адам ұрлаушылар туралы да ақпарат тексеріледі. Алайда, кейінірек ешқандай адам ұрлау оқиғасының болмағандығы белгілі болады.

“24 жастағы жігіт таныстарымен спирттік ішімдік ішіп, анасына ойдан құрастырып өтірік айтады. Ол мұны жұмысқа бармау үшін ойластырған. Оған қатысты ҚР ҚК 419 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша тергеу изоляторына отырғызылды”, – делінген хабарламада.

Мұндай мәндегі құқық бұзушылыққа әдетте заң бойынша 3-7 жыл аралығындағы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы әбден мүмкін.

Талқылау