Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жігіт аялдамада қыз зорлады деп күдікті болды

Көкшетауда жігіт автобус аялдамасының жанында қызды зорлады деп айыпталды

наручник

Ұстау барысында күдікті   өзін-өзі өлтірмекші болған.

8 желтоқсанда Көкшетау қаласының полиция бөліміне қала тұрғынның бірі «белгісіз біреудің оны зорлап кеткендігі» жайында шағым түсті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, автобус аялдамасында белгісіз біреу мас күйінде күш көрсетіп, арыздынушыны зорлап кеткен.

9 желтоқсанда қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, 1991 жылы туылған ер азамат екені анықталды. ҚР ҚК 120-бап 1-бөлім «Зорлау»  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерінің айтуынша, күдікті бұрын-соңды сотталған екен. Қамауға алынған кезде күдікті өзін-өзі өлтірмекші болған.

Қазір ол уақытша изоляторға қамауға алынды.

Талқылау