Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жас жігітті өлтірген қылмыскер анықталды

Көкшетау қаласының ІІБ полициясы жас жігітті өлтірген қандықол қылмыскерді бір тәулік ішінде анықтады. Жедел әрекет ету жасағы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын ұстаған.

489099

Сурет: sputnikarmenia.ru 

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 шілде күні Көкшетау қ. ІІБ жедел жәрдем станциясы фельдшерінен облыстық ауруханада пышақталған белгісіз жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына келген полиция зардап шеккен тұлғаның Қостанай облысы Челгаши ауылының 20 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Кейінірек, зардап шегушінің Көкшетауға қонаққа келгені, үйлену тойына барғаны белгілі болды. Сол тойда төбелес туындап, жас жігіт пышақ жарақатын алған.

Жедел іздестіру шаралары барысында, сол күні полиция қызметкерлері 1991 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті өз айыбын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жіберіп алмаңыз:

Екібастұзда әйел құрбысын қызғаныштан пышақтап өлтірді

Қызылордалық  шемішкенің қабығы үшін күйеуін пышақтап өлтірді

Екібастұзда жас келіншек ер адамды пышақтап өлтіріп, ауласына тастап кеткен

Талқылау