Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жалақы алмағаны үшін өзін өртемек болған азаматтың жалақысы толық төленген болып шықты

Көкшетауда бұрынғы жұмыс орнының тиісті жалақысын бермегенін айтып, өзін өртемек болған 57 жастағы жұмыссыз азаматқа жалақысы жөнінде ешқандай қарыз ақшасы қалмағаны анық болды.

photo_175578

19 қаңтар күні Ақмола облысындағы «Нұр Отан» ғимаратының алдында Широков В. Есімді азамат қолғабын жанармайға малып, өзін өртемек болған. Алайда, күзет қызметкерлері оның жанына жүгіріп барып, жанармай құйылған бөтелкесін тартып алған.

Ол азамат өзінің мұндай әрекетке бұрынғы жұмыс орнынан тиісті жалақысын ала алмағандықтан барғанын айтқан.

Полицияның жүргізген тергеу жұмыстарының нәтижесінде, Широков бұрынғы жұмыс орыннан өз еркімен кеткені және өзіне тиісті жалақысын толық алғаны анықталды.

«Материалдық жағдайына байланысты Широков В.Г.-ға Көкшетаудағы күзет ұйымдарының бірінен материалдық көмек те көрсетілген», – дейді прокурор.

Сондай-ақ, Широков ақпараттық-құқықтық порталының бөлім жетекшісіне құқық бұзушылық фактісі бойынша оның еңбек жалақысына қатысты журналистік зерттеу жүргізу туралы өтініш айтқан. Алайда, өзге жұмысшылар да, Широковтың өзі де прокуратураға не басқа да мемлекеттік органдарға хабарласпаған.

Тергеу амалдары Ақмола облысының прокуратурасының бақылауында.

Талқылау