Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жүргізушіні себепсіз жағадан алған полицейлер камераға түсіп қалды (видео)

Ақмола облысының УАЗ маркалы (С 604 KP мемлекеттік нөмірлі, 123 борт нөмірлі) көлікпен жүрген полиция қызметкерлері мен жүргізуші арасында түсініспеушілік орын алған. Алайда, полицейлер жүргізушіні не үшін тоқтатқанының себебін айта алмаған.

милицияяяя

Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі Автомобильшілердің қоғамдық кеңесі парақшасында жарияланды.

«Полицейлер жүргізушінің өзіне бағынбағандықтан заңға қайшы әрекет етті. Полицейлердің кәсіби білімсіздігінен өзгелер зардап шегуде. Олар жүргізушіні қылқындырып, қорлады. Соңында көлігінің кілті мен қолындағы ұялы телефонын тартып алды. Сөйтіп, телефон ішіндегі видеожазбаны өшіріп тастады. Қуанышқа орай, ол жазбаны қайта қалпына келтіріп, жариялау  мүмкін болды», – деп жазылған жазбада.

Ақмола облысының ІІД-нің баспасөз қызметінде жазбадағы полицейлерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны айтылды.

Талқылау