Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда XIX ғасырда Қытайда жасалған көне ыдыс табылды

Көкшетаудан сонау XIX ғасырда Қытай елінде жасалған көне ыдыс табылды. Оны таяуда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қала тұрғыны Бахытжан Елеусізова тапсырды.

20151221092749

Бұл турады 24.kz хабарлайды.

Мамандар бұл жәдігердің XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аспан асты елінде жасалғанын нақты дөп басып айта аламыз дейді. Себебі ыдыстағы бейнелер, ою-өрнектер мен сурет-кескіндер сол замандағы қытай қолөнер шеберлерінің қолтаңбасы екені, жазбай тануға мүмкіндік беретінін айтады. Ең қызығы – бұл жәдігердегі ою-өрнектер аталған мұражайға осыдан 47 жыл бұрын әкелінген тағы бір Қытай ыдысына өте ұқсас.

Айта кеткен жөн, бұл жәдігерді көкшетаулықтар енді мұражайдың көрме залынан тамашалай алады.
«Бұл ыдыс осыны бізге тапсырған әйелдің туысына тиесілі болған екен. Ол кісі мұны ертеде Петропавл қаласындағы жәрмеңкеден сатып алыпты. Ал ол әжей 1987 жылы шамамен 90 жасында өмірден озған. Қарасаңыздар, мына екі ыдыстағы суреттер бір-біріне қатты ұқсайды. Деректерге сүйенсек, бұл ыдыстар Қытайдың соңғы билеушісі Гуан Сүйдің тұсында жасалған», – дейді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Айман Салмұхаметова.

Талқылау