Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда ұры ҰОС ардагерлерінің орденін тонаған

Бұл тек өзі мойындаған қылмыс саны ғана. 30 жастағы азамат негізінен пластикалық терезе арқылы кіріп, оны тіпті білдірмей қайта жауып кетуге әдістенген екен.

f20110414175608-izobrazhenie-049

Бұл туралы STAN.KZ КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жалғыз жортқан ұры талайды қан қақсатса керек. Әсіресе, ақша мен алтын бұйымдарды алып кетіп отырған. Ұрланған заттардың арасында соғыс ардагерінің төсбелгілері де бар. Медаль-ордендерді қайтыс болған майдангердің үйінен үптеп кеткен екен. Бірақ оны пайдаға асырудың жолын таппаған сыңайлы. Ал алтын және гауһар тасы бар әшекейлерді  ломбардтарға өткізген. Полицейлер қазір зергерлік бұйымдарды қабылдайтын орындарды тексеріп, ұрланған заттарды иелеріне қайтарып жатыр. Баукеспе өзі түскен пәтердің астаң-кестеңін шығарып кетеді екен. Бірақосы күнге дейін полиция да, үй иелері де оның қайдан кіріп, қалай шыққанын түсіне алмай дал болған. Сөйтсе, ол терезені білдірмей ашып-жабудың амалын тауыпты.

“Ол азамат тек пластикалық терезені ашып кіруді білетін. Ол осы мынадай пластиканы ашат былай нелерін бәрін бұрап білдіртпей ашып,қайта жауып кетіп отырған”, – дейді Көкшетау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Досым Жапаров.

Талқылау