Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда танымал спортшының өліміне қатысты 5 студент ұсталды

Полицейлер спортшы Евгений Галузинскийдің өлтірді деген күдікпен 5 студентті ұстады.

photo_210472

Оқиға наурыздың 13-нен 14-не қараған түні Көкшетауда болды.

«Іс бойынша 5 адам қолға түсті. Олардың жасы 18 бен 20 жас аралығында. Олардың бәрі колледж студенттері. Ұсталғандардың біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Төртеуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің жасы 18-де. Ол қазір қамауда отыр. Төртеуі қолхатпен жіберілді. Оқиға бейнебақылау камерасына түскен. Куәгерлер де бар», -деп мәлімдеді Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Евгений Галузинский пауэрлифтингтен жөспірімдер арасында əлем чемпионы, жастар арасында əлем чемпионатының жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы. 2009 жылы Бразилияда пауэрлифтингтен IPF нұсқасы бойынша төрт мəрте əлем рекордын жаңартты. Марқұмның артында əйелі мен 1 жастағы қызы қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда өзін полицеймін деп таныстырған жігіт төрт шетелдік студентті тонап кетті

Исламды жек көретін жігіт Құранды жыртып лақтырып тастады (фото)

Алматыда қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Талқылау