Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда таксиді айдап әкетпек болған жолаушы көлік соқты

Көкшетауда такси көлігін айдап әкетпек болған 21 жастағы жігіт өзге көлікке соғылып, қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

35645150.ns43ucgtd6

«Келеңсіз жағдай облыс орталығында 11 ақпанда түнгі уақыт 04:00 минут шамасында орын алды. Такси жүргізушісінің сыртқа шыққан сәтін пайдаланып, салонда мас күйде отырған 1995 жылғы жолаушы көлікті айдап әкетпек болған. Рөлге отырып орнынан қозғала берген сәтінде ол 10-15 метр жүріп барып өзге көлікті соқты. Алайда, оқиға орнынан қашып ізін суытпақ оны полицейлер көп ұзатпай қол түсірді.

Қазіргі кезде, күдікті кінәсі мойындап, үстінен ҚР ҚК 200-бабының бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Талқылау