Көкшетауда прокуратура қызметкері жоспарланған адам өлімінің алдын алды

Жұма, 12 Ақпан , 2016 16:21

Көкшетауда прокуратура қызметкері қасақана адам өлтіру қылмысының алдын алды.

bebdcf4s-960

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі жоспарланған қылмыстың жолы кесілгені жайлы хабарлайды.
Құқықтық органның мәліметінше 9 ақпан күні Бауыржан Әлмағанбетов жұмысынан қайтып баражатып, ізіне аң аулауға арналған қару ұстанған кісінің түскенін байқаған.

«Әлмағамбетов күдіктіні сөзге айналдырып, қаруын алып алмақшы болған. Белгісіз адам оның сөзіне құлақ аспастан керісінше қаруын кезенген. Прокуратура қызметкерін қорқытқаннан кейін сол жерден ізін сутпақ болған»,-делінген хатта.

Әлмағамбетов оқиға жайлы полицияға дереу хабарласып күдіктінің ізін аңдыған. Полиция жедел жетіп күдіктіні қолға түсірген.

Ол 24 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шыққан. Қазір уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында анық болғандай күдікті қаруды туысқанының үйінен алып алған. Қаруды оқтап алған жігіт үйіне барып өгей әкесін өлтіруді жоспарлаған екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар