Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда полиция жоғалып кеткен жасөспірім қызды іздестіріп жатыр

Көкшетау полициясы екі апта бұрын үйден шығып кетіп оралмаған 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаменті хабарлайды.

11556114

Полицияның мәліметінше, 1999 жылы 20 желтоқсанда туған Көкшетау тұрғыны Надежда Белялова 14 маусымда үйден шығып кеткен.

“Ол үйден шығып кеткен. Оның ата-анасы ата-ана құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары жоғалған қыз бойынша бағдарлау жұмыстарын жасауда. Оның белгілері: бойы 160 см, арық денелі, қара ұзын шашы бар.

Талқылау