Көкшетауда полиция қызметкері көлік астына түсе жаздаған баланы аман алып қалды

Көкшетауда полиция қызметкері жолдың көлік жүрге арналған бөлігіне шығып кеткен баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Көкшетауда полиция қызметкері көлік астына түсе жаздаған баланы аман алып қалды

Оқиға Көкшетауда Темірбеков пен Абай көшелерінің қиылысында орын алған. Жол-патруль полициясының полиция сержанты Бауыржан Өмірзақов жол қозғалысы қауіпсіздігін қаматамасыз ету жөніндегі кезекті кезешілікке шыққан.

«Бауыржанның сөзінше, кешкі сағат 19:00 шамасында сол маңдағы дәмханадан 2-3 жас шамасындағы кішкентай бала шыққан. Полиция бірнеше минут бойы баланы бақылап, артынан ата-анасының келуін күткен. Кенеттен бала бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған кезде жолдың көлік қозғалысына арналған бөлігіне шығып кеткен. Өз кезегінде Бауыржан бірден әрекетке көшіп, балаға қарай жүгірген. Ол көліктің астына түсе жаздаған баланы аман алып қалыпты. Ал көлік жүргізушісі баланы байқамағандықтан, жылдамдықты азайтып үлгермеген. Абырой болғанда, бала да, полицей де зардап шеккен жоқ», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Анықталғандай, баланың туыстары дәмханада болып, баланың шығып кеткенін байқамаған. Бауыржан ата-анасына баланы табыстап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыстық ІІД басшылығы Бауыржан Өмірзақовты көрсеткен батылдығы мен шұғыл жағдайда жылдам әрекет ете алатын қабілеті үшін көтермелеуді жоспарлап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар