Көкшетауда пәтерінде мысық ұстайтын зейнеткер көршілерінің ашуына тиді

Сәрсенбі, 7 Маусым , 2017 7:18

Мысықтар мекеніне айналған үй. Көкшетауда пәтерінде ондап мысық ұстайтын зейнеткердің әрекетіне, тұтас бір шағын аудан тұрғындары қарсы. Өйткені сол төңіректің бәрі сасып, нәжіс басып кеткен. Қаланы шарлап қаңғыбас мысықтарды жинайтын қария, бақпаларын күндіз далаға жібереді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Иістен мезі болған жұрттың арыз жазбаған жері жоқ. Тіпті сот 5 мың теңге айыппұл да салған. Ал қарияның өзі, көршілері тұрмақ есікті полицейлерге де ашпайды.

Көкшетаудың күллі қаңғыбас мысығы мына подьезде тұратын зейнеткердің үйінде бағылады дегенге тек көршілері ғана сенеді. Олар талай рет өріске шыққан малдай есіктен үйірімен жүгіріп шыққанын көрген. Бірақ, есігін ашпайтын кемпірдің үйіне бас сұғу мүмкін емес. Тек подьездегі нәжіс пен қолқаны жаратын иіс қана соның дәлелі.

Әбден мезі болған көршілері зейнеткерді жөнге сала алмай жүр. Таң ата мысықтарын аулаға шығарып, өзі қала кезіп кететін зейнеткер, қас қарая үйіне бір-ақ оралады екен. Өзімен бірге, қаңғыбас мысықтарды жинап, ала келеді. Ал оның сасық саңғырығын иіскейтін бізбіз, – дейді көршілері.

“Адам шыдамайтын иіс қолқаны жарады. Мына жерге балалардың велосипедін де, арбасын да қоя алмайсың. Сасып кетеді”, – дейді Көкшетау қаласыны тұрғыны Айна Сабырова.

Аяқтарына ауру мысықтар оралып жүргеніне наразы тұрғындар талай рет полиция да шақырған. Санитар дәрігерлер де зейнеткермен кездесе алмай жүр. Көршілері «Кошкина мать» атап кеткен Любовь Корневаны біз де қала шетінде мысық жинап жүрген жерінен таптық. Любовь Корнева саналы ғұмырында бала тәрбиесімен айналысқан ұстаз. Жалғызбасты әйел зейнеткерлікке шығысымен осы мысықтарды ермек етеді. Алатын 35 мың зейнетақысына сүт, нан алып тамақтандырады.

“Барлығы маған ренжиді. Ауыздарына келгенін айтып, есігімді де сындырды. Ешқандай жамандық істеп жатқам жоқ. Мысықтар бір топ болып менің соңымда жүреді. Өйткені мен оларды аяймын жақсы көрем. Үйде де бар”, – деді тұрғын Любовь Корнева.

Көршілері айтқан үйіндегі 20-30 мысығын ол көрсеткісі келмеді. Көкшетауда арнайы орын жоқ, ал оларды атып тастауға мен жол бермеймін дейді зейнеткер. Тұрғындар болса, қаланың ветеринарлық қызметі жұмыс істесе бұлай болмас еді деп отыр. Енді, көпқабатты үйдің қанша уақыт мысықтар мекені болары белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанға қыдырып барған семейлік сол елде қамауға алынды

Жолаушылар Астана әуежайының жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар