Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда өзін өртемек болған азаматқа қаржылай көмек көрсетілді

Ер азаматқа 140 мың теңге көлеміндегі көмек ақша бұрынғы жұмыс орнынан берілген. Көкшетаудағы жұртты шошытқан жағдайдың жалғасы жайлы «Нұр Отан» партиясының өңірдегі бөлімшесіндегілер хабарлаған.

10805144 (1)

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары сайты хабарлайды.

Бір күн бұрын өз мәселесіне халықтың назарын аудару мақсатында,өзін өртеп жібермек болған азамат «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне бір топ адаммен бірге кірген. Оның айтуынша, 2015 жылдың шілдесінен бастап жекеменшік күзет компаниясынан жалақысын алмаған. Басын асырауға ақшасы болмағандықтан әлеуметтік көмек орталығында тұрған.

«Бүгін «Нұр Отан» партиясының өңірлік кеңсесінде ер адам өзінің бұрынғы жұмыс берушісімен кездестірілді. Күзет компаниясының басшысы ер адамға 140 мың теңге берген. Сол ақшадан азамат өз атындағы несиенің аз бөлігін төлеген. Қалған қаржысына «Қарағанды-Мәскеу» бағытындағы пойызға билет алды. Ол Сызран қаласындағы отбасына оралмақшы.»,-дейді партия мүшелері.

Азамат Көкшетаудағы “Нұр Отан” партиясы кеңсесінің алдында өзін өртеп жібермекші болған еді. Үстіне бензин құйған жерінен кездейсоқ азаматтар құтқарып қалған еді.

Талқылау