Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда оңалту орталығынан қашып кеткен жасөспірімдер ұсталды

Көкшетауда оңалту орталығынан қашып кеткен жасөспірімдер бүгін сағат 12:00 шамасында «Көкшетау – Петропавл» тас жолында Алексеевка ауылына бар жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

көкшетау

Жасөпірімдерді тұрғындардың бірі жолда байқап қалып, дереу полицияға хабарлаған. Аталған ақпарат бойынша барған облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы және Көкшетау қалалық ІІБ криминалды бөлімінің қызметкерлері жасөпірімдерді ұстады.

Еске сала кетейік, 27 маусым күні кешкі 21:15  шамасында Көкшетау қалалық ІІБ ЖБО «Жасөспірімдерді оңалту орталығы» ММ директорының орынбасары хабарласып, сол күні сағат 18:00 орталық аумағында серуендеп жүрген 2001 жылғы Диас Кәкімов, 2001 жылғы Владимир Соболевский және 2002 жылғы Денис Аспилейдердің белгісіз жаққа кетіп қалғанын айтқан болатын.

Кейін белгілі болғандай Диас Кәкімов, Владимир Соболевский жасөспірімдер ісі бойынша Ақмола облыстық ювеналды сотының шешімі заңды күшіне енгенше орталықта уақытша болған екен. Ал Денис Аспилейдердің анасы ата-ана құқынан айырылған, сол себепті ол  аталған соттың шешіміне сәйкес балалар үйіне жіберілгенше орталықты паналаған.

 

Талқылау