Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда көз жұмған донордың ағзалары 4 қазақстандыққа көшірілді

Қайтыс болған науқастың ағзаларын көшіру жағдайы Көкшетауда алғаш рет тіркелді,- деп хабарлайды Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

6e9fcd86446b394f75e5a54ebb1d9af5

Ақмола облысының өңірлік трансплантологы Талғат Қайдаровтың сөзі бойынша, 60 жастағы Көкшетау тұрғынының жүрегі, бауыры мен бүйрегі Астанадағы республикалық трансплантология орталығында басқа ағза ауыстырылуына мұқтаж жандарға көшірілген.

«Науқас Ақмола облыстық ауруханасына аса ауыр халде жеткізілген. Инсульт салдарынан бас миы өлген. Қайтыс болған адамның отбасы оның ағзасын донорлық мақсатта алуға келісімін берді»,- дейді Талғат Қайдаров.

Астаналық трансплантолог мамандар командасы Көкшетауға келіп, қайтыс болған адамның денесінен жүрегін, бауыры мен бүйрегін алған. Бір тәулік ішінде алынған ағзалар Астанадағы реципиентерге көшірілді.

«Төрт қазақстандық екінші рет өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Төртеуі де жас адамдар. Дәл қазір өздерін жақсы сезінеді»,- деп қорытындылады ақпаратта.

Талқылау