Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда келіншек ауру күйеуін тұншықтырып өлтірді

Көкшетауда өзінің күйеуін тұншықтырып өлтіріп, қылмысын мойындап, құқық қорғау органына өзі келген келіншекке қатысты сот үкімі шықты.

98fdc3265bfa7288cc6112ee2171482a_L

Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы жазды.

Арнайы мамандандырылған сот қараған қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылған азаматша ұзақ мерзімге жаза алды.

Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, Көкшетау қаласында тұратын 41 жастағы әйел ауру болуына байланысты қарсылық көрсете алмаған күйеуін өзара қарым-қатынастары нашар болуы себепті тұншықтырып өлтірген.

Алқабилер соты әйелді Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-тармағының 3-бөлігі бойынша (қауқарсыз жағдайда жатқан өлтіргені үшін айыпты деп табу) айыпты деп тапты. Сот үкім шығарарда сотталушыға жеке тұлға ретінде берілген жақсы бағаны, айыбын айтып өзі келгенін және оның мұндай қадамға зардап шегушінің моральға жат қылығы үшін барғанын ескерген.

“Сотталушыға жалпы режімдегі еңбек түзету колониясында 15 жыл отыру жазасы белгіленді”, – делінген сот актісінде.

Талқылау