Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаскөйлер екі полицейді пышақпен жарақаттап кетті

Көкшетауда бейтаныс екі ер адам ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының екі бірдей қызметкеріне шабуыл жасаған. Пышақ жарақатын алған тәртіп сақшылары дереу ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД хабарлайды.

8233040

Сурет newskaz.ru

ІІД хабарлағандай, оқиға 16 мамыр күні кешкі уақытта болған.

“Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздеу шарасын жүргізу барысында тәртіпке бағынбаған адамдардың қасына көліктерін тоқтатады. Сол жерде қарсылық танытқан бейтаныс адамдар полицейлерге пышақ салған. Қазіргі таңда олардың жағдайы бірқалыпты”, – дейді полиция өкілдері.

Құқық қорғаушы органдар сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған күдіктілерді анықтау шаралары атқарылуда.

Талқылау