Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жоғалып кеткен ер адамның азаптап өлтірілген мәйіті табылды

Көкшетауда із түссіз жоғалып кеткен 27 жастағы ер адамның азаптап өлтірілген мәйіті табылды.

zhogaldy-1

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша бүгін сағат 10:08 шамасында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне із түссіз жоғалып кеткен 27 жастағы Кулаковскийді іздестірген криминалды полиция қызметкерлері хабарлаған. Кылшақты өзені жағасынан  табылған оның денесінде азаптап өлтірілгенін айғақтайтын белгілері бар.

Қазіргі кезде аталған оқиға байланысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынған.

Еске сала кетейік, 1989 жылғы Кулаковский Николай Николаевич ағымдағы жылдың 18 маусымында Көкшетаудағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын. Оның жоғалғаны туралы туыстары 4 күн өткен соң полицияға хабарласқан.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы мен Қапшағай жолы бойында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Алматы облысында жұмбақ күйде жоғалып кеткен медбикенің өлі денесі табылды

Клубтан шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Талқылау