Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда інісі мен сіңлілерін өрттен алып шыққан бүлдіршіннің отбасына пәтер сыйлады

Көкшетауда бауырларын өрттен аман алып қалған Ұлдана Советтің отбасына баспана сыйлады.

Бір жыл бұрын баспанасынан айырылған отбасы бүгінде қоныс тойын тойлап жатыр. Красный Яр ауылында Ұлдананың отбасы екі бөлмелі пәтердің кілтін алды, деп жазады Kókshe арнасы.

Бұл сыйды “Зекет” қайырымдылық қоры мен Науан хазрет атындағы мешіт “Ел үлесі – пәтерге” науқаны аясында бірлесе алып берді.

Бұдан бөлек жергілікті кәсіпкер Борис Козлов Ұлдананың анасына жарты млн теңге, имам 200 мың теңге табыстады.

Айта кетейік, былтыр қараша айында анасы мен 6 баласы баспанасыз қалған еді. Олардың үйі өртеніп, 8 жасар Ұлдана өз өмірін қатерге тіге отырып, бауырларын үйден алып шыққан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау