Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда ер адам жоғалып кетті

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

жоғалды
“Көкшетау ІІБ ағымдағы жылдың 18 маусымында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 1989 жылғы Кулаковский Николай Николаевичті іздестіруде”, — делінген хабарламада.

Оның бет-әлпеті еурпалық нәсілді, бойы 175-180 см шамасында, дене бітімі мығым, шашы қара түсті. Үстінде қара жейде, қара джинси, қызыл спорттық аяқ киім (крассовка) киген.

“Жоғалған азамат туралы қандай да ақпарат білетін адамдар болса, 29-96-47, 8707 119 87 19 немесе 102 арнайы нөміріне хабарласуына болады”, деп көрсетілген хабарламада.

Талқылау