Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда ер адам ат арбаның астында қалып қаза болды

Қарабұлақ аулының егде тұрғыны жүк тиелген ат арбаның астында қалып, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады.

2903107 (1)

Жүк тиелген ат арбаның астында қалған ер адам Көкшетау ауруханасында көз жұмды.

Көкшетау ішкі істер басқармасына Ақмола облыстық ауруханадан науқастың көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауруханаға келген полицейлер Бурабай ауданы Қарабұлақ ауылының 1939 жылы туған тұрғыны, 29 шілде сағат 11.45-тер шамасында бөшке су тиелген ат арбадан құлап кеткенін анықтады. Бұл кезде жегулі ат кенеттен жүріп кетіп қарт кісіні басып өтті.

Зардап шеккен кісі жарақаттармен Ақмола облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен кісіні дәрігерлер аман алып қала алмады. Денені мәйітханаға жолдап, сараптама тағайындалды.

 

Талқылау