Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда ер адам әйел-таксисті зорлап кетті

Ақмола облысында полицейлер таксист әйелді зорлап кеткен ер адамды ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

5f67fdd093f52409c606505da355d5af1d6de7e1_1500

Көкшетау қалалық полиция басқармасына такси қызметінде істейтін 38 жастағы келіншектің зорлық әрекетінен зардап шеккені туралы хабар келіп түседі.

“Әйелдің сөзінше, 31 мамыр күні түнгі уақытта жас жігіт қала орталығынан басқа ауданға дейін такси арқылы барған. Межелі жерге келген жігіт басқа жерге баратынын айтып көлікте қалады. Әйел көлігін тұрғын үйлерден алыс аумаққа тоқтатқан кезде, ол интимді қатынасқа түсуді ұсынады. Қарсылықтан соң ол әйелге шабуыл жасап, оны қорқытып зорлаған. Дене жарақаттарын алған әйел әзер дегенде құтылып шығады”, – деп хабарлады полиция.

Дереу полицияға хабарласқан әйел бұзақының қандай киім кигенін сипаттап береді. Құқық қорғаушылар қысқа уақыттың ішінде күдіктілер тізімін жасап шығарады, ал әйел өзіне шабуылдаған ер адамды бірден таныған.

Бұзақы сол күні ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ол бұрын да ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған екен.

Оқи отырыңыз:

Таразда жантүршігерлік апат болып, 24 адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде 3 жасөспірім ойнап жүріп суға ағып кетті

Кісі қолынан қаза тапқан жігіттің әжесі: Ату жазасының болмағаны өкінішті

Алматыда жолаушылар автобусы таудағы көпірден сайға қарай құлап кетті

Талқылау